Сіз білмейтін "YouTube"

Сіз білмейтін "YouTube"
  • YouTube-қа алғашқы бірінші айда 3 миллион адам кірген. Үшінші айда кірушілердің саны үш еселеніп, шілде айында ол тағы үш есеге көбейген. Жалпы саны – 30 миллион.
  • YouTube-қа қатты құмартып кіретіндердің 44%-ы әйел адамдар, ал қалғаны ер кісілер. Кірушілердің көп бөлігі 12-17 жас аралығындағы оқушылар.
  • 2007 жылы YouTube көрермендерінің  жалпы көрсеткіші 2000 жылы «Ғаламтор жүйесіне» кірген адамдардың санымен пара-пар болған.
  • 2005 жылдың қыркүйек айында аты бүкіл әлемге таныс футболшы Рональдиньо «Nike»  жарнамасына түсіп, ең алғашқы миллионыншы көрсетілімді жинаған.
  • Тони Блэр қоғамдық жетекшілердің ішінде бірінші болып YouTube аккаунтын ашқан.
  • YouTube құраушыларының бірі Чад Харлей YouTube тек жұрттың көңіл-күйін көтеру немесе мәліметтендіру үшін ғана емес, видео арқылы өздерінің ойын еркін білдіру үшін де жасалғандығын айтқан.
  • Әр секунд сайын YouTube-та 46 296 видео көріледі.
  • Стивен Чен Тайвань елінің Тайпей қаласында дүниеге келген. 1978 жылы сегіз жасында әкесімен бірге Америкаға көшіп келеді. Оның әкесі АҚШ-қа жеке кәсібін кеңейту үшін келген. Стивен Чанның үлкен жетістікке қол жеткізуінің негізгі  себебінің бірі осы.
  • YouTube  консорциумының жетекшісі Чад Меридит Харлей 1977 жылы Пенсильвания штатының Бердсбор қаласында туылған. Оның әкесі ол жақта қаржыгер, ал анасы мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол колледжді бітіре салып PayPal сайтын жасап шығарушы Confinity компаниясына жұмысқа кіреді.  Харлей  PayPal сайтының логотип дизайнын жасаған.
  • YouTube  консорциум жетекшісі Джавед Карим 1979 жылы Германияның шығыс бөлігінде орналасқан Мерзебург қаласында туған. 1992 жылы Каримдер жанұясы  Миннесотаға қоныс тебеді. Оның әкесі мен шешесі ғалым кісілер.
  • YouTube-тың алғашқы нұсқасының аты (Tune In Hook Up)  Hot or Not сайтымен байланысты болған. Кейіннен YouTube  негізін қалаушылары сайт кездесу, сатылым секілді бір тұрпатты видеолармен шектелмей кең ауқымды болуы керек деп шешкен.
  • Алғашқыда YouTube Чад Харлейдің  үйінде, ал нақтырақ айтсақ оның гаражында орналасқан. Ал бір жылдан кейін олар қарапайым үйден (2006 жылы) Калифорния штатының Сан-Матео қаласындағы кеңсеге ауысады.
  • YouTube сайтына кіру мүмкіндігін кұлыптап тастаған мемлекеттер қатарына Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Қытай, Пәкістан, Сирия, Тәжікстан және Түркия елдері кіреді.

Оқи отырыңыз: 

Youtube туралы 18 дерек

Ғаламтор жоқ болса адамдарға не болады?

Youtube видеохостингінен қалай пайда табуға болады?

21 жастағы "За тебя, Бәке" админі табысқа жету сырын бөлісті

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: muslimvillage.com

Н. Нұрмаханұлы