Youtube видеохостингінен қалай пайда табуға болады?

Youtube видеохостингінен қалай пайда табуға болады?

YouTube видеохостингінде табысқа жету үшін сізге белгілі WSP бағдарламасының қолдауы қажет. Аталған бағдарламаға серіктес болу үшін сіз мынадай талаптарды орындайсыз:

  • Сіз тамаша әрі сапалы видео түсіру керексіз
  • Сіз сайтқа енгізіп жатқан видео немесе аудионың толық иесі болуға тиіссіз
  • Сайтқа үнемі видео енгізу арқылы, белсенді қолданушысына айналуыңыз қажет (шамамен аптасына бір видео)
  • Сізге тіркелген қолданушылар саны 100-ден кем болмауы тиіс (subscribers)
  • Сіздің әрбір салынған видеоңызда 1000 көрілімнен кем болмауы тиіс

Егер жоғарыда қойылған талаптарға сай келіп, дегенмен, әліге дейін қалай табысты болуды білмей жүрген болсаңыз, ары қарай оқыңыз.

Бірінші, камера немесе мобильді телефон арқылы видеолорик түсіріңіз. Екінші, YouTube видеохостингіне тіркеліп, видеоны енгізіңіз. Егер сіз одан бөлек өзіңіздің жеке сайтыңыз болса, сілтемесін сонда көрсетіп контекстті жарнамадан табыс табуыңызға да болады.

10 немесе 20 видео салғаннан кейін YouTubе бағдарламасына серіктестік қызметке өтініш беруге болады. Өтініш білдіргеннен кейін, оны бірнеше апта немесе ай көлемінде күтуге тұра келеді.

Сіздің өтінішіңіз қабылданғаннан кейін, сіздің аккаунтыңызға қаржы бөлінетін болады. Қаржының көлемі видеоның актуалдығы мен көріліміне байланысты болады.

YouTube жарнамадан түскен табыстың 50 пайызын сізбен бөліседі. Шамамен түсетін табысты есептеп көрелік. Егер 1000 көрілімнің ішінде 10 адам 0.6$ тұратын жарнаманы басып үлгерген болса, 6$ табыс алып келген боласыз. Содан кейін оның 50 пайызын Youtube алып, сізге 3$ береді. Бұл орташа есептеу, себебі әр жарнаманың бағасы әр қалай болады.

Егер сіздің видеоарнаңыз көп көріліммен өсіп келе жатса, Youtube сізге 70 пайыз табысты жіберетін болады. Ол үшін WSP бағдарламасын тіркелуіңіз керек.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: habrahabr.ru

Ж. Өрісбай