Алматыда Нигерия азаматтары заңсыз жүрген

Алматыда Нигерия азаматтары заңсыз жүрген
Фото: ІІМ

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Олар Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен мемлекетімізден шығарылған болатын. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз еліне қайтарылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова