БҚО-да жалған полиция қызметкері ұсталды

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері жалған полиция қызметкерін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлер Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 1990ж.т. Орал қаласының басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткенін анықтады.

"Күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында "страйкбол" ойыны үшін автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!