Көбік кешінде ток соққан 9 жастағы қыздың өлімі: тергеу аяқталды

 Көбік кешінде ток соққан 9 жастағы қыздың өлімі: тергеу аяқталды
Фото: видеодан алынған кадр

Прокуратура Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу аяқталды. 

"Айыпталушы адамның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету шығарылған). Баптың санкциясы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", - делінген хабарламада.

Айыптау актісімен қылмыстық іс Ұзынкөл аудандық сотына келіп түсті.

Еске салайық, бұған дейін  Ұзынкөл ауылында Жастар күніне арналған көбік кеші өтіп, онда 9 жасар қыз электр тоғы соғып, қайтыс болғаны  туралы жарияланған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы