Қостанай облысында көбік кешінде ток соққан қыз қайтыс болды

Қостанай облысында көбік кешінде ток соққан қыз қайтыс болды
Фото: видеодан алынған кадр

Қостанай облысында көбік кеші кезінде ток соғып, зардап шеккен қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

25 тамызда Ұзынкөл ауылында жастар күніне арналған іс-шарада 9 жастағы қыз токқа соғылған еді. Мектеп оқушысы бүгін таңертең қайтыс болды.

Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады. Оқиғадан кейін қыз осы клиникаға жеткізілген еді.

Еске салайық, бұған дейін алаңда ток соққан 9 жастағы қыздың жағдайын білуге Астанадан мамандар баратыны хабарланған болатын.

Оқиға 27 тамызда Қостанай облысында алаңда болған. Бұл дерекке қатысты Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

"Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеуді бастады. 25 тамызда Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қызды ток соққан. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатқаны айтылған болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова