Алматыда Африка елдерінен келген 9 адам заңсыз жүрген

Алматыда Африка елдерінен келген 9 адам заңсыз жүрген
Фото: polisia.kz

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы Алматының көші-қон қызметі Нигерияның 9 азаматын әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастырды. 

"Бұлар Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған, атап айтқанда, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен мемлекетімізден шығарылған болатын. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады", –  деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы