ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін: тұрғындарға ескерту жасалды

ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін: тұрғындарға ескерту жасалды
Фото: pixabay.com

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты облыс тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Қолайсыз ауа райына байланысты 23-25 ​​қаңтар аралығында облыстың таулы аймақтарында өздігінен қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты облыс тұрғындарына таулы аймақтарға барудан бас тартуға кеңес беріледі.

"Мамандар тұрғындарға тауға барудан бас тартуға кеңес береді. Қар көшкіні автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамай, қауіпті аймақтан тез кетуге кеңес береміз", – делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы