"Бір күні қымбатқа сатамын". Қайрат Нұртас Баян Мақсатқызына ерекше сый жасады

"Бір күні қымбатқа сатамын". Қайрат Нұртас Баян Мақсатқызына ерекше сый жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Қайрат Нұртас продюсер Баян Мақсатқызының туған күніне орай ерекше сый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі продюсерге өзінің сахнаға киетін пиджагын сыйға берді.

"Бір күні Қайрат Нұртастың пиджагын өте қымбатқа сатамын, ал әзірге бұл - гардеробымдағы ең жарқыраған киім, рақмет, Қайрош!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Мақсатқызы мерейтойын дүркіретіп тойлатқаны хабарланды. Баян Алагөзованың туған күні - 9 қаңтар. Продюсер биыл 50-ге толды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова