"Қой бағып, сиыр саудым". Танымал актер балалық шағындағы қиындықтар туралы айтты

Танымал актер Дәурен Серғазин "Время" басылыма берген сұхбатында балалық шағы туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердың айтуынша, ол ауылда өскендіктен, бала кезінде қой бағып, сиыр сауған.

"Өзімді жетісулық санаймын. Әкем Талдықорған маңындағы Қапал ауылынан. Ал мен Теміртауда дүниеге келдім, бірақ кейін әкем туған өлкесіне оралғысы келіп, менің балалық шағым, оқушы кезім ауылда өтті. Мен ауылда өстім және кішкентай кезімде қой бағып, анама көмектесу үшін сиыр сауғанымды айтуға еш ұялмаймын", - дейді ол.

Сонымен қатар, Дәурен Серғазин өзінің актер мамандығын таңдауын ата-анасы қалай қабылдағанын бөлісті.

"Жоғары сынып оқып жүргенімде актер болғым келетінін ұқтым. Ата-анамыз қаншалық қатал болса да, балаларының қандай мамандық таңдайтынына араласпады. Ағам футболшы болғысы келді және арманына жете алды. Мені актер болудан қайтаруға ешкім тырыспады. Оған қоса, ата-анамның менің таңдауымды қолдайтынын, қажет болған жағдайда тіпті соңғы атын сатып, маған көмектесетінін білдім", - дейді актер. 

Айта кетейік, бұған дейін Дәурен Серғазиннің эксклюзив сұхбаты жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Түсте ауаның температурасы +3°С болды, ал кешке –5°С-қа өзгерді (5°С-қа төмендеді). Кешке ауаның температурасы неше градус болды?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!