"Пәтер жалдап тұрамын деп жыламадым". Актер Дәурен Серғазин эксклюзив сұхбат берді

"Пәтер жалдап тұрамын деп жыламадым". Актер Дәурен Серғазин эксклюзив сұхбат берді
Фото: @yernar_almabek

Көрермен көңілінен шыққан бірқатар толықметрлі кинолардың актері, әнші Дәурен Серғазин отбасы жайлы құпиясын бөлісті. Өнерпаз Massaget.kz редакциясына келіп тілшінің қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Өнер иесі желіде тараған қауесет рас екенін, бірақ көшіп-қонып, пәтер жалдамайтынын жеткізді.

Театр актерлеріне арнайы үй беріледі

 © yernar_almabek 

"Пәтер жалдап тұрамын. Бізге жұмыс орнынан жалға берілген. Көшіп жүріп, жалдап тұратын пәтер емес жеке басыңа берілмейді тек ай сайын төлемін жасап, тұра бересің. Астанада тұрсаң, жұмыс істесең болғаны. Театрдан шығып кетсең, пәтерден де шығарып жіберуі мүмкін. Бірақ мемлекетке ақша төлеп, сатып алсаң да болады. Оның жалға алу құны айтарлықтай қымбат емес өзіңе төлеуге қалтаң көтеретіндей жасап берген. Жалпы, театр актерларына осы жағдай қарастырылған", - дейді актер.

"Пәтер жалдап тұрамын" - деп жылап айтқан сөз емес еді...

 © yernar_almabek 

"Белгілі бір сұхбатқа барғанда айтқаным рас. Бірақ ол жылап айтқан сөз емес еді. Журналисттер де хайпты тақырып іздейді ғой. Шүкір, жұмыстан берген үйді жеке пәтер ретінде қабылдаймын. Сол сұхбаттан кейін халық жиналып маған пәтер алып берейін деп жатқанын естімеппін. Менің халықтан көмек сұрағаным ұят болар. Өз нәпақам, өз ақшам өзіме жетеді. Бізде ақша жинайтын дүниелер көп. Сондықтан ол жағынан еш уайымдамаса болады", - дейді ол.

Сыйақы ретінде үй берсе, неге қабылдамасқа?

 © yernar_almabek 

"Енді арнайы маған СБОР ашып мынау сенің пәтерің дегенді расымен естімедім. Бірақ мен сұрамай, көрермендерім мынау сіздің пәтеріңіз, біз сіздің өнеріңізді бағалаймыз деп тұрса, неге қабылдамасқа? Қабылдауға болатын сияқты" (күліп).

Әйелімнің мен бағалайтын үш қасиеті

© әлеуметтік желі

"Шүкір жарым, үш қызым бар. Әйелім актриса. Біз бірге оқыдық, бір театрда жұмыс істейміз, бірге тұрамыз. Өте жомарт, өте шыншыл, әділ әрі адал".

20 жастағы Дәурен Серғазинге не айтамын?

© zhastar-theatre.kz

"Не айтар едім... Өкінген сәттерім жоқ. Әттеген-ай, деген өмірдің майда-шүйделері бар. Бірақ оқыған нәрсеңе тағы да білім қосып, тағы да дами түс деп айтар едім", - дейді актер Дәурен Серғазин.

 Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы