Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: polisia.kz

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға республикалық маңызы бар Омск – Майқапшағай тасжолында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda 626 автокөлігін басқарған 51 жастағы облыс орталығының тұрғыны басып озбақшы болғанда қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Түрлі дене жарақатымен тағы бір көліктің жолаушылары ауруханаға жатқызылды. Mazda 626 автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимай, көз жұмған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан