Президент Ватикандағы музейді аралады

Президент Ватикандағы музейді аралады
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикандағы музейге барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ватиканға ресми сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сикстин Капелласын, Әулие Петр мен Павелдің Капелласын (Паолина Капелласы) және Апостол сарайындағы Король залын аралап көрді.

Президент экскурсия барысында Микеланджело мен басқа да көрнекті шеберлердің өнер туындыларын тамашалады, сондай-ақ Ватиканның бай тарихымен танысты.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қасиетті Тақтың басшылығын Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезіне қатысуға шақырған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан