Алматы облысында пара алған судья сотталды

Алматы облысында пара алған судья сотталды
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды.

Судьяның заңсыз қызметін бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы Сотпен бірлесіп тоқтатқан.

А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды.

Қонаев қалалық сотымен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина