Атырау облысында судья 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Атырау облысында судья 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында судья 2,5 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет аудандық сотының судьясына қатысты алаяқтық іс-әрекеттері (ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2-т.) фактісі бойынша материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркелді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 2024 жылғы 15 қаңтарда 2,5 млн теңгені алған кезінде судьяны парамен ұстады.

Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина