"Тіліңді тыя алмасаң, аталас жаудай қылады". 91 отбасыға баспана сыйлаған Ырысбала Икрамбай жалғызбасты әйелді қуантты

Кеше ғана 91-отбасыға баспана сыйлаған Ырысбала Икрамбай бүгін жалғызбасты әйелді қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Ырысты армияның 92 баспанасы. "Арық сөйлеп, семіз шық" дейді қазақ, көп мақтанып тірлікті ауызбен емес қолмен, ал баспанаға мұқтаж жанның жайын есеппен емес, еспен жанашырлықпен жасағымыз келеді. Көптің көңілінен шығу бір уайым - бір мәртебе. Алланың разылығы үшін іс қылу бір уайым - бір бақыт, бір мәртебе. Жалдамалы бір бөлмеде тұрып жатқан жалғызбасты әйел кісіге бұл баспана жылдар бойы арман болды, халықтың арқасында арман орындалды, аманатты дайындап иықтан түсірер сәт! Ырысты армия, аман болыңыздар, талмаңыздар,жасап жатқан қайырымдылықтарыңыздың қайырын көріңіздер!" 

"Бір сәт ашуға беріліп я болмаса күйіп, өртенген сәттерде тіліңді тыя алмасаң сені өзіңнің халқың аталас жаудай қылып тастайды, таратады. Танымай, білмей тек отырып сын айту қоғамға пайдасыз адамдардың сүйікті ісі, керісінше көп көріп, үлгі алсын деген дұрыс ісіңді далбаса санайды, таратпақ түгілі тыңдағысы, көргісі келмейді! Ешкімнен ештеңе күтпеуді үйренгенмін, тек сырттай күлемін. Көз-көз болмай-ақ та қойған оған менде мұқтаждық жоқ,тек жауапкершілікті мойынға алып бір отбасыны шығарғанда саған сеніп,ризығынан қазақ бауырыма деп жылу жинағанда, атағаныңыз діттеген жеріне жетті мен сіздің алдыңыздағы аманаттан арылдым, иесіне табыстадым деген ниетім. Бұл - баспанаға мұқтаж отбасыға сыйға тартқан 92 ақмешітіміз!" - дейді ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!