Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың жас кезін Жұлдызға ұқсатты

Танымал әнші Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жас кезіндегі суретін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сізге қай суретім ұнады? Қай суретте мен 18 жастамын?", - деп оқырмандарына сұрақ қойған ол.

Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың сұлулығына тәнті болып, оның жас кезін Жұлдыз Әбдікәрімоваға ұқсатқан.

"Келін ененің топырағынан жаралады дегендей, Жұлдыз жас кезіңізге ұқсайды екен", "Жас күніңізде өте әдемі болған екенсіз, жылдар өте келе құлпырып әдемі әже болып жүрсіз" "Бәрі әдемі әр жастың өз сыры бар!
Жүріп өткен тәтті де ащы жолы бар!
Бір-екі әжім түскен шығар көп болса….
А так әпке жүзіңізде сұлулықтың бәрі бар….", "Қатты өзіне қарайтын адам осындай болады. Суреттерге қарап тамсанып отырмын, Алла қаласа бәріміз осылай жасымыз үлкейсе де, жас болып көрініп жүрейік. Керемет, Нұртас аға жақсы көрінетіні көрініп тұр", "Өте келбетті, жылы жүзді, ажарлы, көркем мінезді, ақылды, ибалы қасиеттің бәрі бір өзіңізде. Көз тимесін. Бақытты әже. Аман болыңыздар. Отбасы аман болсын", - деп жазған желі қолданушылары жазба астына.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова 15 жыл бұрынғы әрекеті үшін өкінетінін айтқан болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Кенесары көтерілісін қай батырлар қолдады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!