Гүлзира Айдарбекова 15 жыл бұрынғы әрекеті үшін өкінетінін айтты

Гүлзира Айдарбекова 15 жыл бұрынғы әрекеті үшін өкінетінін айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова 15 жыл бұрынғы әрекеті үшін өкінетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, бұған дейін Алматыдағы университеттерінің бірінде ағылшын тілінен сабақ берген сіңлісінің арқасында демалыс кезінде қиналмаған. Дегенмен, ағылшын тілін осы уақытқа дейін үйренбегеніне өкінетінін айтты.

"40 жасымда Дубайға барғанымда, таксист ағылшын тілін оқып алыңыз деген кезінде, енді балаларым оқи берсін, мен кешіктім дегенмін ғой, содан бері 15 жыл өтті, түк те кеш емес екенін білмеппін", - деп жазды продюсер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы