"Түрлі жағдай болды". Қайрат Түнтеков сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты

"Түрлі жағдай болды". Қайрат Түнтеков сахнадан көрінбей кетуінің себебін айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Әнші Қайрат Түнтеков "Saltanat Live" youtube-арнасына сахнаға қашан оралатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қазір Шымкентте тұратынын айтты

"Қазір Шымкентке көшіп келдім. Алматыда бірнеше жыл тұрдым ғой. Әр түрлі жағдайлар болды. Шығармашылық тоқырауға ұшырадым. Өзімнің кәсібім де болды. Бірақ карантин кезінде жабылып қалды.  Осы қаңтар айынан бастап шығармашылыққа қайта кірісемін. "Ораламын" деп айтып жүремін де, экраннан көрінбей кетемін. Оның себебі көп. Өзімді тастай салдым. Сонымен жұмысым да жүрмей қалды. Әр тыңдарманыма "Осы жылы оралам" деп айтамын", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы