Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысының полиция департаменті 9 қаңтарда үйінен шығып, оралмаған 13 жастағы Әділ Назеновты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баланың белгілері: хаки күртеше, қара шалбар, қарапайым ақ күрте, қара кроссовка киген. Мектеп оқушысы үйден қалпақсыз шығып кеткен", - делінген хабарламада

Қандай да бір ақпарат білген жағдайда 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына хабарласу сұралады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!