Жел ұшырған "10 миллион теңге": Семейдегі бас шырша да құлап қалды

Жел ұшырған "10 миллион теңге": Семейдегі бас шырша да құлап қалды

Семейде екпіні күшті желдің әсерінен орталықтағы бас шырша құлап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шырша биіктігі - 19 метр.

Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2 мың метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және 100-ден астам түрлі ойыншық ілінген.

Айта кетейік, Жаңа жыл қарсаңында қойылған бас шыршаға 10 миллион теңге жұмсалған.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда 52 миллион теңгеге сатып алынған бас шырша желдің екпініне шыдамай құлап қалғанын жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан