Павлодарда 52 миллион теңгеге сатып алынған шырша құлап қалды

Павлодарда 52 миллион теңгеге сатып алынған шырша құлап қалды

52 миллион теңгеге сатып алынған Павлодардың бас шыршасы желдің екпініне шыдамай құлап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 қаңтарда, 21:00 шамасында Павлодарда екпіні күшті жел соғып, арты боранға айналды. Дауылдың екпініне шыдамай орталық алаңдағы бас шырша құлап түсті.

2023 жылы әкімдік 10 жылдан аса пайдаланып келген шыршаның ескіргенін айтып, жаңасын 52 миллион теңгеге (биіктігі 30 метр) сатып алған еді. Қыруар қаржы ақыры желге ұшып тынды.

Айта кетейік, биылғы жаңа жыл қарсаңында Павлодар әкімдігі 53 миллион теңгеге мұз қалашық тұрғызған еді. Алайда желтоқсан айында күн күрт жылынып, мұз қалашық толықтай еріп кеткен.

Е.Базарқұл

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан