Баян Мақсатқызы 50 жасын ұшақта қарсы алды

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы 50 жасқа толды. Продюсерді өнердегі әріптестері жарыса құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желідегі оқырмандары да продюсерді жаңа жасымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өнер иесі туған күнін ұшақта қарсы алғанын айтты.

"Туған күн екені сезілмейді. Жаңа жасымды ұшақта қарсы алып, кейін жұмысқа кірісіп кеттім. Күнделікті өмір өтіп жатыр. Ертең тағы бір жаңа күн басталады. Өмірдің әр күні керемет", - деді ол.

Продюсердің жан құрбысы Динара Сәтжан да оған ерекше жазба жариялады.

"Мен сеніп, сенім артатын жалғыз адам – Баян. Ғасырдың жартысына келді. Біз Айару туғанда танысып едік. Міне, достығымызға 20 жыл толды. Сен өзіңнің атыңды қалыптастырып, шоу-бизнесте қолтаңба қалдырдың. Сені бүкіл қазақ елі таниды", – деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!