"Көлігім қымбат емес". Министрдің орынбасарында қандай мүлкі бар?

"Көлігім қымбат емес". Министрдің орынбасарында қандай мүлкі бар?
Фото: primeminister.kz

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жалпыға бірдей декларацияны толтырғанын және қандай мүлкі барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның 11-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларация жариялауға тиіс.

"Мен декларацияда 3 бөлмелі пәтер мен көлік барын көрсеттім. Автомобиль аса қымбат емес. Ол - 2017 жылы шығарылған BMW. Мен киген костюм мен аяқ-киім Қазақстанда жасалған. Тіпті, лейблін де айта аламын. Ауданы 74,5 шаршы метр болатын пәтерім бар. Оның нарықтағы бағасын білмеймін. Оның қайда орналасқанын ғана көрсеттім. Мен пәтердің құнын бағаламаймын. Оны уәкілетті органдар бағалайды. Мен жыл сайын салықтарды төлеп жүрмін", - деді Ержан Біржанов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz