Ғалымдар өлім қаупін 31 пайызға азайтатын жидекті атады

Ғалымдар өлім қаупін 31 пайызға азайтатын жидекті атады
Фото: pixabay.com

Пенсильвания ғалымдары жидектерді жеу өлімді айтарлықтай төмендететінін көрсететін зерттеу жүргізді. Олардың жұмысының нәтижелері The Journal of Nutrition басылымына жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мир" телеарнасына сілтеме жасап.

Зерттеушілер сегіз жыл бойы 37 232 адамның тамақтану рационын және өмір сапасын бақылаған. Ғалымдар бояғыштар, дубильді заттар және антиоксиданттар секілді өсімдік текті химиялық қосылыстар - флавоноидтарға ерекше мән берді.

Зерттеу өлім қаупін 31 пайызға төмендеткен ең пайдалы жидек – мүкжидек екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш құлпынайда – 14 пайызды, қаражидек пен жалпы жидектерде 21 пайызды құрады.

Зерттеу авторлары жидектер пайдалы болу үшін оны маусымында ғана емес, күнделікті негізде қолдану керегін айтты. Суға жібітілген, кептірілген және қатырылған жидектер де өз пайдасын сақтайды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар өмірді 20 жылға ұзартуға көмектесетін 8 әдетті атады

А. Жапатова