Ғалымдар өмірді 20 жылға ұзартуға көмектесетін 8 әдетті атады

Ғалымдар өмірді 20 жылға ұзартуға көмектесетін 8 әдетті атады
Фото: pixabay.com

Жаңа зерттеу адамдар өз әдеттеріне аздап өзгерістер енгізу арқылы өмірін айтарлықтай ұзарта алатынын көрсетті. Бұл жаңа әдеттерді кез келген жаста қолға алуға болады. Бұл жайлы The Guardian жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қаншалықты ерте бастаңыз, соншалықты жақсы. Бірақ 40, 50 немесе 60 жаста да аздап өзгерістер жасасаңыз, бұл бәрібір пайдалы болады", - дейді АҚШ денсаулық сақтау саласының маманы Сюан-Май Т Нгуен.

Зерттеу 2011-2019 жылдар аралығында жиналған анкета мәлеметтері мен медициналық карталарға негізделген. Жазбалар 40-99 жас аралығындағы 700 000-нан аса адамды қамтыды. Зерттеушілер тобы өмірдің қандай факторлары оның ұзақтығымен байланысты екенін анықтау үшін мәліметтерге анализ жасайды.

Негізгі 8 фактор анықталды:

  1. Жақсы тамақтаныңыз;
  2. Темекіден аулақ болыңыз;
  3. Ұйқыны қандырыңыз;
  4. Физикалық белсенді болыңыз;
  5. Күйзелістен арылыңыз;
  6. Алкогольді азайтыңыз;
  7. Опиоидты тәуелділіктен арылыңыз;
  8. Оң әлеуметтік қарым-қатынасты ұстаныңыз.

Ғалымдар адам ағзасына ең қауіпті әдеттерге есірткіге әуестік пен темекі тартуды жатқызды.

Қартаюды баяулату үшін рационнан алып тастау керек 7 өнім

А. Жапатова