- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әр адам денсаулығы...
Әр адам денсаулығы жайлы қандай мәліметтер білуі керек?
Денсаулықты күту – кейінге қалдыруға болмайтын нәрсе. Не нәрсеге мән беру керегін білсеңіз, өзіңізге көмектесу оңай. Әр адам денсаулығы жайлы қандай мәліметтерді білу керек?
Қан тобы
Бұл генетикалық белгі өмір бойы өзгермейді. Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер міндетті түрде өзінің қан тобын және резус-факторын білуі керек. Серігіңіздің де мәліметтері қажет болуы мүмкін. Бұл резус-қайшылық пайда болуы немесе бала көтерумен қиындықтар туындауы мүмкін бе екенін түсінуге көмектеседі.
Донор болғыңыз келсе немесе жоспарлы хирургиялық араласу күтіп тұрса, қан тобыңыз жайлы ақпаратты білуіңіз керек. Қан анализін кез келген емханада немесе жеке медициналық ұйымда тапсыруға болады.
Артериялық қысым
Қан немесе артериялық қысым – қан тамырлар қабырғасына түсетін қан қысымы. Ол уақыт бірлігінде жүректен шығатын қан көлемімен және қан тамырларының жауапты кедергісінің күшімен анықталады. Ең жоғары көрсетікішті жоғары немесе систолалық қысым деп атайды. Ең төменгіні диастоликалық қысым деп атайды.
Артериялық қысымға бірнеше фактор әсер етеді: жүрек бұлшықетінің және қан тамырлар қабырғасының жағдайы, жас ерекшелігі, дене бітімінің типі, өмір салты және физикалық жүктемелер мөлшері, қаланың экологиялық жағдайы және басқа сыртқы факторлар.
Дәрігерлер қалыптыға 120/80 артериялық қысымын жатқызады. Алайда барлық адам бірдей бұл көрсеткіште өзін жақсы сезінбейді. Мысалы, бойы қысқа қыздар өздерін 110/70 қысымда, ал спортшылар 130/80 қысымда жақсы сезінеді. Қан қысымы қандай да бір жағдайларға қарай өзгеріп тұруы мүмкін.
Сондай-ақ мамандар критикалық деп санайтын да көрсеткіштер бар. Мысалы, егер жоғарғы қысым 140-тан көп болса, ал төменгісі 90-нан аз болса, бұл дәрігерге қаралуға себеп. 90/60 қысымы да критикалық болып саналады. Мұндай көрсеткіштер ағзадағы проблеманы көрсетуі мүмкін. Мысалы, төмен қан қысымы органдарға оттек жетіспеуін, анемияны, вегетативтік-тамырлы дистонияны білдіруі мүмкін.
Холестерин деңгейі
Бұл адам бауырында бөлінетін зат және ол ағзаға майлы ет, жұмыртқаның сарысы, май және басқа да өнімдермен бірге түседі. Липидті май қанда ерімейді, қан тамырлар қабырғасында қалып қояды. Осылайша, ағзада "жаман" холестерин пайда болады. Ол жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупін арттырады, семіздікті және басқа да денсаулыққа қатысты проблемаларды ынталандырады.
Холестерин деңгейін тексеру оңай, ол үшін липидограмма деп аталатын қан анализін тапсыру жеткілікті. Анализ нәтижесі нақты болуы үшін процедураға дейін 8-12 сағат тамақ жемеген жөн. Егер холестерин деңгейі жоғары болса, денсаулығыңызды күтіп, рационыңызды өзгерту керек.
Сізде холестерин жоғары екенін көрсететін 3 белгі
Тіс жағдайы
Тістегі өңезді, ауырсынуды және ауыз қуысындағы басқа да проблемаларды елемей қоюға болмайды. Тіс дәрігеріне жылына аз дегенде екі рет барып тексеріліп тұру керек. Тіске қатысты проблемалар және тісте тастардың пайда болуы ағзаға кальций және фосфор жетіспеушілігін білдіруі мүмкін. Ал тіске дұрыс күтім жасамау ауыз қуысына еш байланысы жоқ ішкі ағзаның көптеген ауруларына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар ауыз қуысының аурулары адамның жалпы иммунитеті мен өмірлік тонусына әсер етеді.
Мең мен қалдың жағдайы
Денеңіздегі мең мен қалдарды жылына бір рет тексертіп алған жөн. Ультракүлгіннің әсерінен теріде бос радикалдар түзіледі, олар меңдерді зақымдап, онкологиялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан теріңіздегі меңдер мен қалдардың жағдайын, өлшемін, түсін және пішінін бақылап тұрыңыз. Егер меңнің пішіні өзгерсе, аз уақыттың ішінде өлшемі өзгеріп кетсе, меңнің шеттері тегіс емес болса және оның айналасындағы тері қышыса, оны дерматолог дәрігерге көрсетіңіз. Теріңізді күннен қорғап жүруді ұмытпаңыз. Егер мең немесе қалды алып тастауды жоспарласаңыз, алдымен бірнеше дәрігермен ақылдасыңыз.
Оқи отырыңыз: Әйел денсаулығын құртатын 7 әдет
А. Жапатова