Сізде холестерин жоғары екенін көрсететін 3 белгі

Сізде холестерин жоғары екенін көрсететін 3 белгі
Фото: ru.freepik.com

Холестерині жоғары адамдар бұл проблема жайлы жылдар бойы білмеуі мүмкін. Көпшілік ол жайлы анализдер тапсырып, медициналық тексерістен өткен соң естиді. Қандай белгілер сізде холестерин жоғары екенін көрсетуі мүмкін?

Холестерин деңгейінің жоғары болуы несімен қауіпті?

Холестерин немесе холестерол – бұл май тәрізді спирт, ол ағза жасушаларында болады және зат алмасуға қатысады. Оның артық болуы атеросклероз дамуымен қауіпті: бұл ауру миокарда инфарктіне әкеледі.

Холестерин жоғары екенін қандай белгілерден байқауға болады?

Аяқтың ауыруы

Алғашқы болып жиі аяқтағы үлкен артериялар зақымдалады. Соның себебінен аяғыңыз ауыруы мүмкін. Әдетте, аяқтағы жағымсыздық физикалық жүктемеден соң мазалайды. Тіпті, күндіз көп және жылдам жүрсеңіз, кешкісін аяғыңызда ауырлық пайда боуы мүмкін. Сирек жағдайда башпайлар ұйып қалады, бұл кезде дәрігерге жылдам қаралу керек.

Бас ауыруы

Холестериннің жоғары деңгейі басты ауыртуы мүмкін. Себебі холестериннің артық болуы ми қан тамырларындағы қанайналымның жетіспеушілігін тудырады. Жүйке жасушалары болса, өзгеріске ұшырайды және көптеген процестер баяулайды. Қанда холестерин қаншалықты көп жиналса, бас ауыруы соншалықты созылып кетеді. Асқынған кезде басыңыздың ауыруы тіпті ауырсынуды басатын дәрілерге де кетпейді.

Терідегі дақтар

Жоғары холестерин теріде сары дақтардың пайда болуын ынталандыруы мүмкін. Әсіресе, бұл терісі жұқа адамдарда байқалады. Сондай-ақ мысалы, қабағыңыздағы, шынтақтың бүгілген жеріндегі және алақаныңыздағы тері сарғайып тұруы мүмкін.

Ескерту: өзіңізден бұл белгілерді байқаған кезде өздігінен емделуге болмайды, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Оқи отырыңыз: Дәрігер холестерин деңгейін дәрісіз түсірудің 5 жолын атады

А. Жапатова