Рейс кешікті: жолаушы ретінде не талап ете аласыз?

Рейс кешікті: жолаушы ретінде не талап ете аласыз?
Фото: pixabay.com

Рейс кешіккен жағдайда жолаушылар не талап ете алады? Әуе компанияларының бірі маңызды кеңестер жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рейстер қандай жағдайларда кешіктіріледі?

- ауа райы;
- табиғи апаттар;
- саяси оқиғалар;
- ереуілдер;
- қозғалтқышқа құстың түсіп кетуі;
- басқа да күтпеген жағдайлар;

Мұндай жағдайларда жолаушылардың құқығы қандай?

- Ұшу уақыты 2 сағаттан артық кешіктірілген жағдайда салқын сусындар берілуі қажет;
- 4 сағаттан асқан уақытта ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі қажет;
- 5 сағаттан асса, келесі рейске орындар болса, жолаушылар жақын арадағы рейске бір рет тегін қайта брондай алады;

Әуетасымалдаушының кесірінен рейстің кешігу себептері:

- өндірістік себеп;
- техникалық себеп.

Мұндай жағдайда жолаушылардың құқығы қандай?

- 7 жасқа дейінгі баламен саяхаттайтын жолаушы ана мен бала бөлмесімен (болған жағдайда) сұраныс бойынша қамтамасыз етіледі;
- Рейс статусы екі сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда жолаушы алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар, ұзақтығы бес минуттан аспайтындай екі мәрте қоңырау шалуға, соның ішінде халықаралық желіге немесе электрон пошта арқылы екі хабарлама жіберуге құқылы;
- Рейс статусы 4 сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда ыстық тамақпен қамтылуы, ал рейс статусы күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық уақытқа өзгерген жағдайда қонақүйге орналасуы, сондай-ақ, әуежайдан қонақүйге дейін және кері қарай трансфермен қамтамасыз етілуі қажет.
- Рейс 5 сағаттан аса уақытқа кешіксе, жолаушыларда таңдау мүмкіндігі бар: орын болған жағдайда ең жақын рейске бір рет тегін қайта брондай алады, қайта брондау мүмкін болмаса, ақшаны толық қайтара алады.

Еске салайық, бұған дейін ұшақпен ұшуға қорқатындарға аэрофобияны қалай жеңуге болатыны туралы кеңестер ұсынылды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Шашқа жабысқан сағызды қалай алып тастауға болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова