Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет?

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, мобилді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған.

"Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобилді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чек берілмейді және тұтынушылардың құқығы бұзылады.

Айта кететіні, мемлекет барлық мобилді аударманы тексермейді.

Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобилді аударымдар алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мобильді аударымды шектеу кәсіпкерлердің табысын жасыруына қаншалық алып келуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ тілінде боранның неше түрлі атауы бар?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!