Мобильді аударымды шектеу кәсіпкерлердің табысын жасыруына алып келмей ме?

Мобильді аударымды шектеу кәсіпкерлердің табысын жасыруына алып келмей ме?
Фото: Tengrinews.kz

Қазіргі кездегі өзекті тақырыптың бірі мобильді аударымға қатысты өзгерістер. Мобильді аударымға енгізілген шектеу жеке кәсіпкерлерге зиян тигізбей ме? Бұған қатысты ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, қазір салықтық міндеттемелерді адал орындау әлдеқайда тиімдірек.

"Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді - салық мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты тек 1-4 пайызды ғана дейін. Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобилді аударымдар қабылдаса, онда ол қазірдің өзінде "көлеңкеде" қалып, салық бақылауына түседі. Бұл ретте мобилді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді.

Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеушілер тең болуы және алынған табыстан салық төлеуі тиіс", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін елдегі мобильді аударымдарға қатысты маңызды сұрақтардың жауабы хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қыста SPF крем жағу керек пе?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә