Тот баспайтын болаттан және эмальданған кәстрөлдерде пісіруге болмайтын тағамдар

Тот баспайтын болаттан және эмальданған кәстрөлдерде пісіруге болмайтын тағамдар
Фото: pixabay.com

Көбінесе кәстрөлдер тот баспайтын болаттан, эмальдан және алюминийден жасалады. Кәстрөлдің әртүрлі түрі денсаулыққа қандай зиян тигізуі мүмкін, ал тағамға қалай әсер етеді? Бұл сұрақтарға Елена Парецкая жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Тот баспайтын болаттан жасалған кәстрөл және оның кемшіліктері

Бұл кәстрөлдің ең танымал түрі болғанымен, ол аллергиясы бар адамдар үшін зиян. Себебі тот баспайтын болатта күшті аллерген, канцерогендік қасиеті бар никель бар. 

"Мұндай кәстрөлде көкөніс тағамдары мен ащы тағамдарды дайындауға болмайды, өйткені көкөністен шыққан шырын металмен әрекеттесіп, зиян никель тұзы пайда болады", - деп түсіндірді Елена Парецкая.

Ал тот баспайтын болаттан жасалған кәстрөлдердің жабыспайтын жабыны бар түрлері де кездеседі. Олар салыстырмалы түрде қаупі аз болғанымен, мұндай кәстрөлде тамақ сақтауға болмайды. 

"Мұндай кәстрөлде қуырылған тағамдарды, борщ, сорпа және қышқыл тұздықтарды сақтау ұсынылмайды. Өнімдегі қышқылдар метал, жабынмен әрекеттесіп, улы қосылыстар түзеді. Сонымен қатар, металл оксидтері тағамның сапасы мен дәміне теріс әсер етуі мүмкін", - деді маман.

Эмальданған кәстрөлдер

Бұл кәстрөл тамақ ыдыстың металына тиіп кетпеуі, ауыр металдардың зиянды тотықтары мен тұздары пайда болмауы үшін ойлап табылған. Мұндай кәстрөл ішкі және сыртқы жағынан эмаль қабатымен жабылған.

"Кәстрөл беті жабылған эмальдың түсі қара, сұр, көк болуы шарт. Ал басқа түсті эмальдар адам денсаулығына қауіп төндіреді. Басқа түсті эмальдар қызған кезде өніммен байланысып, құрамына енеді, кейіннен ағзада жиналып, жағымсыз салдар тудырады. Әсіресе қоңыр, қызыл және сары эмальмен, сондай-ақ басқа реңктермен жабылғандар аса қауіпті", - дейді ол.

Эмаль қапталған кәстрөл қандай болуы керек?

Ол тегіс, жылтыр, күңгірт жерлері және май дақтары болмауы шарт. Егер эмаль қабаты қалың болса, бұл өнімнің сапасы төмен екенінің белгісі. 

"Эмальмен қапталған кәстрөлде тамақ сақтауға болады, бірақ кәстрөлдің бірде-бір сызығы болмауы керек. Сондай-ақ, кәстрөлді металл қылшақпен қырып жууға мүлде болмайды, одан да кәстрөлді тұз немесе сода қосылған суға толтырып, біршама уақытқа қалдыру керек, кейін губкамен жуған жөн", - дейді маман.

Ең қауіпті кәстрөлдер

"Алюминийден жасалған кәстрөлдерде қышқыл тағам дайындауға болмайды, бұл борщ, щи, қымыздық сорпасы, компот. Себебі бұл тағамдармен кәстрөлдегі металл иондары әрекеттесуі мүмкін", - деп қорытындылады Елена Парецкая.

Тағы да оқи отырыңыздар: Балаға қанша жаста коньки тебуді үйретуге болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә