"Қазақ елінің атынан мың алғыс". Қайрат Әділгерей марқұм Батырхан Шүкеновтің анасын құттықтады

"Қазақ елінің атынан мың алғыс". Қайрат Әділгерей марқұм Батырхан Шүкеновтің анасын құттықтады
Фото: Видео кадры

Танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей марқұм Батырхан Шүкеновтің анасын мерекемен құттықтап қайтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әзілкеш Instagram-парақшасында жариялады

"Қызылорда қаласындамыз, қазір бір керемет жанның үйіне барып, жаңа жылмен құттықтап қайтамыз. Қонағымызға сый-сыяпат алып бара жатырмыз. Сыр еліне табан тіреген сайын қазағымыздың маңдайына біткен тұлға, музыканың майталманы марқұм Батырхан Шүкеновтің анасын жаңа жылмен құттықтап, көңілін айлап, сый-құрметімізді көрсеткіміз келіп отыр", - дейді ол видеода. 

Сондай-ақ, өнер иесі Диляра ханымға алғысын айтты.

"Батырхан Шүкенов ағамыздың анасы Диляра апама сәлем беріп, келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, көңілін аулап қайттық! Диляра апа, ғұмырыңыз ұзақ, деніңіз сау болсын Ұрпағыңызбен мың жасаңыз! Қазақ халқына Батыр ағамыздай перзентті дүниеге әкелгеніңіз үшін бүкіл қазақ елінің атынан мың алғыс", - деп жазды Қайрат Әділгерей.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қайрат Домбаев (@kairat_adilgerey)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек