Солтүстік Қазақстанда жаңа жылдық шырша өртеніп кетті (видео)

Фото: видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстанда жаңа жылдық шырша өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 27 желтоқсанда Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы орталық алаңда шырша өртеніп кеткен.

"Өрт төрт шаршы метр аумақта болды. Өрт сөндіру есептері келгенге дейін өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, алдын ала себеп - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында орнатылғанына бір тәулік те болмаған жаңа жылдық шырша құлағаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова