Маңғыстау облысында орнатылғанына бір тәулік те болмаған жаңа жылдық шырша құлады

Маңғыстау облысында орнатылғанына бір тәулік те болмаған жаңа жылдық шырша құлады
Фото: видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысы Шетпе ауылында алаңда орнатылғанына бір тәулік те болмаған жаңа жылдық шырша құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAktau басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі бұл оқиға ауа райының нашарлауына байланысты болғанын хабарлады.

"Шырша 21 желтоқсанда орнатылды, алайда жұмысы бітпеген. Кеше Шетпе ауылындағы желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетіп, шырша құлады. Қазір ол көтерілді, монтаждау жұмыстары аяқталады. Жасанды шырша жаңа емес, ол өткен жылдары да қолданылған", - деп түсіндірді бөлім өкілі.

Айта кетейік, 2021 жылғы қаңтарда да желдің салдарынан Ақтауда жаңа жылдық шырша құлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова