БАҚ Тоқаевтың Санкт-Петербургте қандай көлікпен жүргенін көрсетті

БАҚ Тоқаевтың Санкт-Петербургте қандай көлікпен жүргенін көрсетті
Фото: Akorda.kz

БАҚ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургте қандай көлікпен жүргенін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Пашинян, Мирзиеев, Жапаров және Рахмон қара Aurus көлігімен, Сердар Бердімұхамедов ақ түсті, ал тек Тоқаев "Мерседес" көлігімен келді", - деп жазды РИА Новости.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мінген қара Mercedes-тен қазақстандық нөмірлерді көруге болады.

Басқа БАҚ түсірген видеоларға қарағанда, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те жүріп-тұру үшін Mercedes-ті таңдаған.

Aurus - ресейлік жоғары класты автомобильдер бренді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан