Ауыратлет Илья Ильин отадан кейінгі жағдайы туралы айтты

Ауыратлет Илья Ильин отадан кейінгі жағдайы туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазақстанның ең танымал ауыр атлеті, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне шұғыл ота жасатты. Дәрігерлер спортшының жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тізе жарақатын алған Илья Ильинге академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында ота жасалды. Отаны Артроскопия және спорттық жарақат бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері Нұржан Асанов жасады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Илья қазір өзін жақсы сезінеді және операциядан кейін қалпына келу үшін қажетті оңалту курсын алатын болады.

"Менің жағдайым өте жақсы, емдеу штаттық режимде өтті. Емдеуші дәрігерім Нұржан Мұхамеджанұлы Асановқа алғысымды білдіремін, ол өз ісінің нағыз кәсіпқой шебері. Көптеген кәсіби спортшылар ҰҒТО-да емделіп, қалпына келіп жатады. Қазақстанның  травматолог-ортопед дәрігерлері ең үздігі, олар спорттың не екенін біледі, спортшыларды қалай орнына тік қоюды біледі", - деп атап өтті ауыр атлет Илья Ильин.

Еске салайық, бұған дейін ауыр атлет Илья Ильинге 2023 жылдың желтоқсанында шұғыл ота жасалған болатын. Бір күн бұрын спортшы Instagram-да өзінің әйелі Татьяна Гордиенкомен бірге түскен видеоны жариялады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы