Ауыратлет Илья Ильинге ота жасалды

Ауыратлет Илья Ильинге ота жасалды
Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Танымал қазақстандық ауыратлет Илья Ильин тізесіне ота жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, тізесіндегі мениск (тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек - еск.) жыртылып кеткен. 

"Достар, тілектеріңізге көп рақмет! Сіздердің жылы сөздеріңіз қаншалық жағымды және керемет көмектеседі!Біз ертең үйге барамыз!" - деп жазды ол парақшасында. 

Еске салайық, Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленген еді. Оның қалыңдығы - астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек