Теледидар мен радиолар жұмысын тоқтатады

Теледидар мен радиолар жұмысын тоқтатады
Фото: elements.envato.com

23 желтоқсанда сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін теледидар мен радиолар жұмысын тоқтатады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенбі, 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) "Қазмедиаорталығының" хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, "Қазтелерадио" АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде тел-, радиоарналарды тарату тоқтатылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина