Атырау облысында ауа райына байланысты бірнеше тасжолда жүру шектелді

Атырау облысында ауа райына байланысты бірнеше тасжолда жүру шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлады.

17 желтоқсан күні сағат 15:40-тан бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолының 17-170 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрлеріне шектеу енгізілді.

Облыс аумағында қалың қар түсіп, көктайғақ болуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажет екені ескертілді.

Сонымен қатар, сағат 15:00-ден бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 126-210 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрлеріне шектеу енгізілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!