"Қолдауыңыз үшін көп рақмет!" Жәнібек Әлімханұлы Тоқаевқа бокс қолғабын сыйға тартты

"Қолдауыңыз үшін көп рақмет!" Жәнібек Әлімханұлы Тоқаевқа бокс қолғабын сыйға тартты
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бокс қолғабын сыйға тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметі Жәнібек Әлімханұлының Президентке қолғап сыйлаған сәтінің видеосын Instagram-да жариялады.

Видеодан қолғапта Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті салынғанын көруге болады және "Қолдауыңыз үшін көп рақмет!" деп жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін матчқа барды. Онда Президентпен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдіріп отырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан