Тоқаев футзалдан Қазақстанның Нидерланд командасына қарсы ойнайтын матчына барды

Тоқаев футзалдан Қазақстанның Нидерланд командасына қарсы ойнайтын матчына барды
Фото: Akorda.kz

Тоқаев Қазақстанның Нидерланд командасына қарсы ойнайтын матчына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барды.

Кездесу футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Мемлекет басшысымен бірге Ұлттық құрамаға кәсіпқой бокстан WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы, ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және қақпашы Игорь Шацкий да қолдау білдіріп отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан