Актер Аян Өтепбергеннің қалыңдығының сырға салу рәсімі өтті

Актер Аян Өтепбергеннің қалыңдығының сырға салу рәсімі өтті
Фото: әлеуметтік желіден

Бүгін Ақтөбеде танымал актер Аян Өтепбергеннің қалыңдығының сырға салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде актердің қалыңдығымен түскен суреттері тарады.

@just1ove0 #аянөтепберген ♬ Болашақ Келіншегім - Isa Alimusa

Сондай-ақ, бүгін Ақтөбеде ұзату той да өтіп жатыр. Тойға актердің жақын достары келген. Суретте актерлер Нұрқанат Молдахан мен Асылхан Төлепов және театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров бар. 

Еске салайық, бұдан екі бұрын актер Аян Өтепберген жақында отау құратынын айтқан еді. 

Өнер иесі қуанышты жаңалығын "Музыкалық жас көрермендер" театрындағы "Қоштасқым келмейді" қойылымының премьерасынан соң халыққа өзі айтқан. Режиссер Асхат Маемиров те актердің бұл жаңалығын растады.

Актердің таңдауы Аружан есімді қызға түсті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек