"Екі күннен соң Ақтөбеде той". Актер Аян Өтепберген қуанышты жаңалығын бөлісті

"Екі күннен соң Ақтөбеде той". Актер Аян Өтепберген қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: Желіден

Актер Аян Өтепберген жақында отау құрады. Қуанышты жаңалығын актердің өзі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын "Музыкалық жас көрермендер" театрындағы "Қоштасқым келмейді" қойылымының премьерасынан соң халыққа өзі айтқан. Режиссер Асхат Маемиров те актердің бұл жаңалығын растады.

@teatralemi :қыздар инстаграмнан отписка жасандар?? деді ғой? @Otepbergen Ayan Аружан екеуінізге тек 2 дүние бақытын тілейміз??❤️ #рекомендации #мтюзастана #elbruso #fypシ ♬ оригинальный звук - teatralemi

"Аянымыз екі күннен кейін 14-і күні Ақтөбенің үлкен әулетіне барып, ару қызымызды алақанына қондырады", - деді ол.

Қуанышты жаңалыққа желі оқырмандары тілек жазып, лебіздерін білдірді.

"-1 краш", "отписка жасаңдар", "бақытты болсын", "шансы бар адам құсап, ішім ашып жатыр", "жүрегім ауырып кетті ғой", "бұйырмаған махаббатым", "сенсіз қалай жүреміз" деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы