Талдықорғанда пышақталған қыздың ісіне қатысты полицейлер жазаланды

Талдықорғанда пышақталған қыздың ісіне қатысты полицейлер жазаланды
Фото: Видео кадры

Талдықорғанда пышақталған қыздың ісі бойынша полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өкілдері Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында айтты. 

"Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде Талдықорған қалалық ІІБ-нің бес қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбаса, прокурордың рұқсатымен және ол рұқсат еткен шамада ғана жария етілуі мүмкін, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Не молчи" қоры полицейлер қорғауындағы әйелге "заңсыз және қорлау әрекеттерін" жасағаны туралы хабарлады: олар оны реанимациядан бір сағаттан кейін, наркоздан әлі айыға қоймаған кезде ауруханадан шығарып, жауап алып, мәжбүрлеп құжатқа қол қойғызған. 

"Өзіңіз елестетіп көріңізші: сіз отадан шықтыңыз, дәлізде отырсыз, наркоздан айықпағансыз. Ал сізді көтеріп, бөлімге жауап алу үшін алып кетті. ##НеМолчиKZ қоры барлық қатысқан қызметкерді жауапкершілікке тартуды талап етеді. Бұл мұндай заңсыз әрекеттер қызметкерлердің жеке мүддесі мен уәжіне байланысты істелді деп есептейміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми жауабын күтеміз", - делінген хабарламада.

Алайда Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдері қордың бұл айыптауын жоққа шығарды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек