1,5 сағат жансақтауда жатқан: Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісінің мойнын пышақпен кесіп тастаған

1,5 сағат жансақтауда жатқан: Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісінің мойнын пышақпен кесіп тастаған
Фото: instagram.com/dinatansari

Талдықорғанда ер адам бұрынғы сүйіктісінің мойнын пышақпен кесіп тастаған. Алайда күдікті тек 2 күн қамауда отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы қоғам белсендісі, #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Оның сөзінше, полицейлер қасақана адам өлтіруге оқталу ісін 293-баппен (Бұзақылық) қарастырған. 

Зардап шеккен әйел #НеМолчиKZ қорынан көмек сұраған. Ол қазір ауруханада жатыр.  

"27 қазанда сағаи 16.53 шамасында Талдықорғанда бұрынғы жігітім тап беріп, мойын тұсымды пышақтады. Жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қаладағы көпсалалы ауруханаға апарды. Менің жарамды таңып, 1,5 сағаттай жансақтау бөлімінде жаттым, артынша коридорда жаттым. Кейіннен мені ІІБ полицейлері алып кетіп, отыра алмайтын, жүре алмайтын жәбірленушіден жауап алды. Маған тап берген жігіт 1 күн тығылып жүрді, сосын ол табылып, тек 2 күн қамауда отырып, артынша бұзақылық бабы бойынша босатылды", - дейді зардап шеккен әйел. 

2 қарашада қыздың анасы ер адам не үшін қамаудан босатылғанын білу үшін ішкі істер басқармасына барған. Тергеуші күдіктіні ұстап отыратын себеп болмағанын, оқиғаға қыздың өзі кінәлі екенін айтқан. 

Күдікті жәбірленуші қызбен бір аулада тұрады екен. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина