Шымкентте 28 жастағы жігіт пәтерден өлі табылды: жантүршігерлік деректер айтылды

Шымкентте 28 жастағы жігіт пәтерден өлі табылды: жантүршігерлік деректер айтылды
Фото: "Отырар"

Шымкентте 28 жастағы жігітті пәтерде өз әкесі өлтірген болып шықты. Полициядағылар күдікті ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйде жантүршігерлік жайт болды. Әйел адам 28 жастағы ұлы пәтерде қозғалмай өлі жатқан күйі тауып алған. Айналасы қып-қызыл қанға толы болған. Әйел адам сол сәтте бірден полиция шақырған.  

Оқиға орнына келген сот-медицина сарапшылары жігітте тіліктер болғанын анықтаған. 

"Біреулер ол асылып қалды дейді. Бірақ нақтысын білмейміз", - дейді көршісі. 

"Онымен сөйлесіп тұратынбыз, жақсы жігіт еді", - дейді тағы бір көршісі. 

Бұл қылмысты жасады деген күдікті марқұмның әкесі болып шыққан. Бұл жайттан кейін күдікті қашып кеткен. 

"Бұл дерек бойынша "Адам өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді Қаратау ауданының полиция басқармасының басшысы Данияр Плалов. 

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Полиция мәліметінше, күдікті психологиялық ауруларға байланысты есепте тұрады екен. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина