Жабағы үйреткен жеті жасар бала Қазнетті тәнті етті

Фото: видеодан алынған кадр

Жабағы үйрету сайысына қатысқан жеті жасар бала Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда кішкентай бала қорықпастан жабағыға отырғаны көрінеді. Видеоны Ұлттық спорт және саятшылық орталығы жариялады.

"7 жасар Нұртас, ерлік көрсетті бүгін. Қазағымның осындай батырлары көп болсын, Тәуіртай Нұртас өзі хабарласып, жабағы үйрету сайысына тіркеліп, бүгін мықтылығын дәлелдеді. Өзі кішкентай болғанымен, жүрегі үлкен. Болар елдің баласы, бірін-бірі батыр дейді", - делінген видео жазбасында.

Желі қолданушылары оның әрекетіне тәнті болған.

"Жарайсың", "Бауырым еркек қой", "Керемет, айтарға сөз жоқ", "Керемет Бауырым","Жарайсың бауырым", "Мықты сөз жоқ жылқылар ортасына кіріп құламай, тақыма мықты екен, көп балаларға үлгі көрсетті деп ойлаймын, жарайсың", "Азамат!!! Жарайсың, ботам!", "Азамат", - деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін Әнұранды ықыласпен тыңдаған патриот иттің әрекеті Қазнетті тәнті еткені хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова