Әнұранды ықыласпен тыңдаған патриот иттің әрекеті Қазнетті тәнті етті

Әнұранды ықыласпен тыңдаған патриот иттің әрекеті Қазнетті тәнті етті
Фото: Видео кадры

Қазақстан Әнұранын ықыласпен тыңдаған патриот иттің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз серуендеп келдік, енді ол Әнұранды қоспайынша осылай отырады. Бұл - керемет нәрсе", - дейді иттің иесі. 

Иттің есімі - Майло. Видеода ол Әнұран қосылғанда бір аяғын көтеріп тұр. 

Бұл видео 232 мыңнан аса қаралым, 25 мыңнан аса лайк пен 1500-ден аса пікір жинаған. 

@papa_mailo Өз елінің иті де қадірлі? #собачникипоймут #джекрасселтерьер #джекрассел #собакен #казахстан #алматы #гимнказахстана #собакен? #майло ♬ оригинальный звук - Papa_Mailo

Желі қолданушылары иттің бұл әрекетіне тәнті болып, түрлі пікір қалдырған. 

"Бұл енді Майло емес, Майлыбек болып кетті", "Неге табанын жүрегіне қоймайды", "Енді қазақ тілін меңгеріп алса, азаматтық беруге болады", "Жаным сол, аяғын көтеріп тұр", "Майло емес, Майлыаяқ", "Жаны қазақ болып тұр ғой", "Мен ұялып кеттім ғой", "Мына иттің жүрегі қазақ деп соғады", - деп жазған олар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек