Балкон өртенген: Оралдағы көпқабатты үйден 9 адам құтқарылды

Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, тоғыз адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 3 желтоқсанда сағат 15:00 шамасында шақырту түскен.

8 наурыз көшесіндегі көпқабатты үйде балкон өртеніпті. Заттар мен терезе жақтауы өртке оранған. Өрттің ауданы 10 шаршы метр болған.

"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, үйден тоғыз адам эвакуацияланды. Өрт 16:28-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге департаменттің 9 қызметкері барды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шығып, 13 адам қаза тапқаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!